Жаңалықтар
Кеше 12:35

Астана - Щучинск және Астана - Қарағанды тасжолдарында адам өлімі азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанның республикалық тасжолдарындағы өлім-жітім көрсеткіші 26,8 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанның республикалық тасжолдарындағы өлім-жітім көрсеткіші 26,8 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, республикалық маңызы бар тасжолдардағы апаттар саны 5,2 пайызға - 1214-тен 1151 жағдайға дейін қысқарды. Зардап шеккендер саны 8,2 пайызға - 2376-дан 2181 адамға дейін азайды.

Жол апатының айтарлықтай төмендеуі Астана – Щучье және Астана – Қарағанды учаскелерінде тіркелді. 2025–2026 жылдардағы қысқы кезеңде бұл жерде 27 жол-көлік оқиғасы болды, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 57 болған еді. Сондай-ақ есепті кезеңде жолдың бұл бөліктерінде адам өлімі тіркелген жоқ, ал 2024–2025 жылдардың қысында тоғыз адам апат құрбаны болған еді.

Реклама
Реклама

Тасжолдарда қолданылатын шаралардың қатарында жылдамдықты өзгермелі шектейтін электронды таблолар, қосымша жарық шағылыстырғыш жабдықтар және көзге анық түсетін жол таңбалары бар. Сондай-ақ жол қызметтері қар жауар алдында және көктайғақ кезінде жол жабынын алдын ала өңдеу жұмыстарын жалғастырады.

Жолшылардың мәліметінше, 2024 жылы республикалық желіде ЖКО жиі болатын 129 орын болса, 2025 жылы олардың саны 124 болды. Биылдан бастап ең қауіпті учаскелерді жол қауіпсіздігі жөніндегі тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, қосымша тексеру жоспарланған.

Биыл бес айда республикалық маңызы бар тасжолдарда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90 өлім жағдайының алды алынған.

Пікірлерді оқу