Астанада 4-5 маусым аралығында Ақан сері көшесінің Нұрғиса Тілендиев даңғылынан Қараменде би Шақаұлы көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс толығымен шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Астанада 4-5 маусым аралығында Ақан сері көшесінің Нұрғиса Тілендиев даңғылынан Қараменде би Шақаұлы көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс толығымен шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде хабарлады.
Мәліметке сәйкес, шектеулер жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты енгізілмек.
Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауды және ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады, деп атап өтті баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана жүргізушілеріне Тілендиев даңғылындағы уақытша шектеулер туралы ескертілген болатын. 15 маусымға дейін Баршын көшесінен көлік айрығына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс ішінара жабылатыны хабарланды. Қос бағыттағы көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Пікірлерді оқу