Астанада Қошқарбаев көшесіндегі көпірде жол ережесін өрескел бұзған Toyota жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Астанада Қошқарбаев көшесіндегі көпірде жол ережесін өрескел бұзған Toyota жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Полиция мәліметінше, 20 жастағы жүргізуші көлік ағынын бөлуге арналған қауіпсіздік кеңістігімен жүріп өткен. Ол заң бұзу дерегін телефонға түсіріп, кейін видеоны әлеуметтік желіде жариялаған.
Жүргізушіге қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Ол көлікті жолдың жүру бөлігінде орналастыру ережесін бұзғаны, рөлде отырып телефон пайдаланғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Тағы оқыңыз: “Жыл басынан бері 400 жол-көлік оқиғасы“: Астанада жаяу жүргіншілер бойынша рейд өтіп жатыр