Елордада 7 маусымда мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтеді. Оған әлемнің 30-дан аса елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады. Осыған байланысты бірқатар көшеде уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордада 7 маусымда мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтеді. Оған әлемнің 30-дан аса елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады. Осыған байланысты бірқатар көшеде уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
6 маусымда сағат 06:00-ден 7 маусым сағат 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Жұмекен Нәжімеденов көшесінен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.
Жарыс өтетін 7 маусымда мына учаскелерде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады:
- Сарайшық көшесі (Рақымжан Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін;
• Дінмұхамед Қонаев көшесі (Ақмешіт көшесінен "Қазақ радиосы" көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
• "Қазақ радиосы" көшесі (Дінмұхамед Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
• Достық көшесі ("Қазақ радиосы" көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
• Ақмешіт көшесі (Сарайшық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 08:10-ға дейін;
• Ақмешіт көшесі (Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін, EXPO халықаралық көрме орталығы маңында) – сағат 06:30-дан 07:25-ке дейін;
• Түркістан көшесі (Ақмешіт көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:35-тен 08:15-ке дейін;
• Түркістан көшесі (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) – сағат 06:45-тен 08:20-ға дейін;
• Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен И. Панфилов көшесіне дейін) – сағат 06:48-ден 08:40-қа дейін;
• И. Панфилов көшесі (Шәмші Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:00-ден 08:45-ке дейін;
• Жұмекен Нәжімеденов көшесі (Шәмші Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:14-тен 08:45-ке дейін;
• Тәуелсіздік даңғылы (И. Панфилов көшесінен Жұмекен Нәжімеденов көшесіне дейін) – сағат 07:00-ден 08:55-ке дейін.
Көшелер жарысқа қатысушылардың өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады. Көлік қозғалысы толық сағат 09:00-ге дейін қалпына келтіріледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтары бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруі қажет.
Пікірлерді оқу