Астанада ұрлық жасады деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Астанада ұрлық жасады деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Полицияның мәліметінше, күдікті күндіз Hyundai автокөлігінің есігін ашып, салоннан ұялы телефонды алған. Айта кетерлігі, сол сәтте көлік иесі іште болған, бірақ ұялы телефонының жоғалғанын бірден байқамаған.
Келтірілген шығын 100 мың теңгеге бағаланды.
Күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Показать комментарии