25 маусым 2026 16:23

Автобустар мен жедел жәрдем көліктеріндегі камералар ережебұзушыларды бақылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды. Оған сәйкес, бейнебақылау камералары енді тек жол бойына ғана емес, сонымен қатар автобустарға, жедел жәрдем көліктеріне және мемлекеттік органдардың көліктеріне де орнатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Мұндай кешендер бір мезгілде екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар жол қозғалысының басқа қатысушылары тарапынан жасалған заңбұзушылықтарды тіркей алады. Мысалы, егер арнайы дыбыстық сигналы және жарығы қосулы жедел жәрдем көлігіне жол бермесе, қоғамдық көлікке арналған арнайы жолаққа шығып кетсе немесе автобусқа кедергі келтірсе, бұл жайт камераға түсіп қалады.

Екінші жағынан, камералар автобус, жедел жәрдем және басқа да қызметтік көлік жүргізушілерінің іс-әрекетін бақылайды. Жол жүрісі қағидалары бұзылған жағдайда, кешендегі бейнежазбалар сол құрылғы орнатылған көлік жүргізушісін жауапкершілікке тарту үшін дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Жедел жәрдемге жол бермегені үшін қандай айыппұл қарастырылған?

Қазақстанда жедел жәрдем көлігіне жол бермеу ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 598-бабына – арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосулы жедел және арнайы қызметтердің көлік құралына қозғалыста басымдық бермеуге жатады. Бұл үшін салынатын айыппұл мөлшері: 20 АЕК (86,5 мың теңге). Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл мөлшері артады: 40 АЕК (173 мың теңге).

Автобус жолақтары

Еске салайық, автобус жолағымен жүргені үшін жүргізушілерге 3-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Пікірлерді оқу