Алматының Медеу ауданындағы негізгі көшелер кептелістен арылмай кетті. Бұл туралы алматылық жүргізушілер жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматының Медеу ауданындағы негізгі көшелер кептелістен арылмай кетті. Бұл туралы алматылық жүргізушілер жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Жүргізушілер танымал навигатор-картада пікір қалдырып жатыр. Онда Луганский, Омарова, Тәттімбет және Жамақаев көшелерінде "Жол жұмыстары" белгілері көптеп пайда болған.
Жабылған жолдардағы көлік ағыны көршілес ірі көшелер мен даңғылдарға – Достық, Назарбаев, Сейфуллин және Сәтбаевқа ауысты, соның салдарынан бұнда да кептеліс пайда болған.
Жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Жолдар Медеу ауданындағы газ құбырын желілерге қосу жұмыстарына байланысты жабылған. Әкімдік бұған дейін хабарлаған мәлімет бойынша, 12-16 мамыр аралығында жұмыстың екі кезеңінің біріншісі өтеді, соған байланысты Омарова көшесінің Тәттімбет көшесімен қиылысында, Луганский көшесінің Армянская көшесінен Әл-Фараби даңғылындағы көпірге дейінгі бөлігінде қозғалыс шектелді.
Ал Жамақаев көшесіндегі жұмыстар 17 мамырда аяқталады.
Пікірлерді оқу