Жаңалықтар
03 маусым 2026 15:33

Депутат көліктердің Қытайдан Қазақстанға кіру ережелерін қайта қарауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы екі ел арасындағы автотуризмнің белең алуына байланысты Қытайдан Қазақстанға кіретін көліктерге қойылатын талаптарды күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы екі ел арасындағы автотуризмнің белең алуына байланысты Қытайдан Қазақстанға кіретін көліктерге қойылатын талаптарды күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Мәжілісменнің айтуынша, екі ел арасында белгілі бір теңгерімсіздік қалыптасқан. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық жүргізушілерге жеке көлігімен Қытай аумағына кіру және онда жүріп-тұру үшін бірқатар қосымша процедуралардан өтіп, рұқсат құжаттарын алу қажет.

"Қытайға жеке автокөлікпен кіру үшін қазақстандық жүргізушілер бірқатар процедурадан өтуі тиіс. Атап айтқанда, көлік құралын уақытша әкелу рәсімделеді, уақытша жүргізуші куәлігі беріледі, уақытша тіркеу жүргізіліп, арнайы мемлекеттік нөмірлер мен сақтандыру полисі беріледі. Бұдан бөлек, құжаттар аударылып, нотариалды түрде куәландырылуы керек, сондай-ақ автокөліктің Қытай аумағында қалып қоймауын қадағалайтын кепілдік және бақылау шаралары қолданылады", - деді депутат.

Реклама
Реклама

Бұл процедуралар ақылы негізде жүргізіледі. Сонымен, қолда бар мәліметтерге сүйенсек, бір көлікті кіргізу үшін қазақстандықтар шамамен 8–9 мың юань немесе 560 мың теңгеге жуық қаражат төлеуі тиіс.

"Бұл ретте Қазақстан аумағына кіретін шетелдік, соның ішінде қытайлық автокөліктерге қатысты процедуралар айтарлықтай жеңілдетілген. Көп жағдайда олар тек уақытша әкелудің тегін процедурасымен ғана шектеледі", - деп атап өтті Болатбек Нәжметдинұлы.

Мәліметтерге сәйкес, тек 2025 жыл мен 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан аумағына Қытайдан 8 мыңнан астам автокөлік кірген.

Депутаттық сауал аясында Нәжметдинұлы үкіметке шетелдік автокөліктердің Қазақстанға кіруіне байланысты мемлекеттің шығындарын зерделеу туралы ұсыныс тастады.

Сондай-ақ ол қазақстандық жүргізушілердің Қытайға кіру кезіндегі процедураларына ұқсас, шетелдік көліктер үшін уақытша тіркеуді, арнайы нөмірлік белгілерді және жекелеген әкімшілік алымдарды енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Мұндай тәсіл бюджетке қосымша кіріс әкеліп, қаражатты жол, шекара және кеден инфрақұрылымын күтіп ұстауға бағыттауға мүмкіндік берер еді. Оның есептеуінше, мұндай түсімдердің әлеуетті көлемі шамамен 5 миллиард теңгені құрауы мүмкін.

Нәжметдинұлы сонымен қатар шетелдік нөмірі бар автокөліктерді пайдалануға қатысты бірқатар практикалық мәселеге назар аударды. Атап айтқанда, бұл қытайлық мемлекеттік нөмірлерді құқықбұзушылықтарды тіркейтін камералар арқылы тануға, айыппұлдарды өндіріп алуға және жол-көлік оқиғалары кезіндегі сақтандыру мен залалды өтеу механизмдерінің жұмысына қатысты.

2 миллиард айыппұл: шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілері жол ережесін қанша рет бұзған?

Пікірлерді оқу