Полиция өз жұмысында дрондарды қалай қолданатынын көрсетті, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz сілтеме жасап.
Полиция өз жұмысында дрондарды қалай қолданатынын көрсетті, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz сілтеме жасап.
Қазақстан полициясының дрондарды белсенді пайдаланатыны бұрыннан белгілі. Олар негізінен таулардағы, далалардағы және қараусыз қалған нысандардағы жетуі қиын жерлерді тексеру үшін қолданылады. Сондай-ақ ұшқышсыз аппараттар жоғалған адамдарды іздеуге және іздеудегі тұлғаларды қашықтан бақылауға көмектеседі.
Сонымен қатар полиция дрондардың көмегімен жолдардағы жағдайды қадағалап, ереже бұзушылықтарды әуеден тіркеп отырады.
Құрылғылар түнде де бақылау жүргізу үшін пайдаланылады: дрондар жоғары ажыратымдылықтағы камералармен және тепловизорлармен жабдықталған, бұл қараңғыда және ауа райы қолайсыз кезде адамдарды іздеуге немесе жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеуге мүмкіндік береді.
Олар жедел-тергеу тобы келгенге дейін оқиға орнындағы жағдайды жылдам бағалауға және маңызды бөлшектерді жазып алуға септігін тигізеді.
Дрондарды басқару үшін қызметкерлер теориялық және практикалық дайындықтан тұратын арнайы оқу курсынан өтеді.
Пікірлерді оқу