Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көше қиылысында көлік қозғалысы толық шектеледі, деп жазады Tengri Auto.
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көше қиылысында көлік қозғалысы толық шектеледі, деп жазады Tengri Auto.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, шектеу 31 мамыр мен 1 маусым аралығында енгізіледі.
Осы күндері мына қиылыстарда көлік қозғалысы тоқтатылады:
С. Шаймерденов – Ж. Нәжімеденов көшелері;
С. Шаймерденов – А. Байтұрсынов көшелері.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін бұл учаскелерге уақытша жол белгілері мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылады.
Дереккөз: Астана әкімдігі
Сонымен қатар 30 мамыр мен 2 маусым аралығында М. Тынышбаев көшесінің А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі бөлігінде де қозғалыс шектеледі. Бұл жерде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұған дейін Астананың бірқатар көшесінде Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапары мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына байланысты уақытша шектеулер енгізілген болатын.
Пікірлерді оқу