Жаңалықтар
28 мамыр 2026 10:53

Жүргізуші куәлігін ауыстырмақ болған қазақстандық өзі туралы күтпеген деректі білді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов

Абай облысының тұрғыны мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырмақ болып, кенеттен өзінің психиатриялық есепте тұрғанын білген, деп хабарлайды Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған Tengri Auto.

Абай облысының тұрғыны мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырмақ болып, кенеттен өзінің психиатриялық есепте тұрғанын білген, деп хабарлайды Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған Tengri Auto.

Осыдан кейін ол аурухана мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарсы сотқа талап арыз түсірді. Ол есепке қоюды заңсыз деп тануды және деректерді Психикалық науқастардың ұлттық тіркелімінен жоюды талап етті.

Істі қарау барысында медициналық мекеменің комиссиясы мәліметтердің қате енгізілгенін мойындады. Анықталғандай, ер адам толыққанды медициналық куәландырусыз және белгіленген тәртіпті бұза отырып есепке қойылған.

Реклама
Реклама

Медициналық мекеме өкілі ер адамның амбулаторлық картасы сақтау мерзімінің өтуіне байланысты жойылуы тиіс екенін мәлімдеді. Алайда құжаттың жойылғанын растайтын айғақ сотқа ұсынылмады.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметтерді жою үшін ер адам тағы бір мәрте дәрігерлік-консультациялық комиссияның куәландыруынан өтуі керек екенін хабарлады.

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты іс материалдарын зерделей келе, есепке қоюдың заңсыз болғаны туралы шешімге келді.

Сот жауапкерлердің ер адамның психиатриялық көмекке жүгінгені, медициналық куәландырудан өткені немесе медициналық көмек көрсетуге келісім бергені туралы дәлелдемелер ұсына алмағанын атап өтті.

Сот жүргізушінің жағына шығып, аурухана мен денсаулық сақтау басқармасына оны Психикалық науқастардың ұлттық тіркелімінен шығаруды міндеттеді.

Пікірлерді оқу