Жаңалықтар
09 маусым 2026 11:15

“Жыл басынан бері 400 жол-көлік оқиғасы“: Астанада жаяу жүргіншілер бойынша рейд өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Астанада "Жаяу жүргінші" профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада "Жаяу жүргінші" профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті мәліметінше, жыл басынан бері елордада жаяу жүргіншілер қатысты болған 400-ге жуық жол-көлік оқиғасы болған. Оның ішінде 82 жағдайда апатқа жаяу жүргіншілердің өздері кінәлі болған.

Жол апатына көбіне мына жағдайлар себеп болады: жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, бағдаршамның қызыл түсіне шығу, сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің салғырттығы. Қараңғы уақытта киімде жарық шағылыстыратын элементтердің болмауы қосымша қауіп төндіреді.

Реклама
Реклама

Рейд барысында полиция қызметкерлері мектептердің маңында және адамдар көп жиналатын жерлерде бақылауды күшейтті. Сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, жол жүру ережелерін сақтау қажет екені ескертіліп жатыр.

Полиция жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткелінің алдында жылдамдықты азайтып, адамдарды өткізуге, ал жаяу жүргіншілерді жолды тек белгіленген жерден кесіп өтуге және көліктің тоқтағанына көз жеткізуге шақырды.

Пікірлерді оқу