Қарағандыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып қана қоймай, қауіпті сәттерін әлеуметтік желіге жариялап келген 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Қарағандыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып қана қоймай, қауіпті сәттерін әлеуметтік желіге жариялап келген 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Мән-жайы
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, "эндуро" класындағы мотоциклді тізгіндеген жас жігіт жүйелі түрде жылдамдықты асырып, жол белгілеріне пысқырмаған және қозғалыстың өзге қатысушыларына қауіп төндірген. Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, жауапкершіліктен қашуға тырысқан.
Құқықбұзушы өзінің бұл әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, қауіпті жүрісін әлеуметтік желілерде көрсетіп отырған.
Қандай жаза қолданылды?
Полицейлер қауіпті видеороликтердің авторын анықтап, ұстады. Оған қатысты бірден төрт әкімшілік хаттама толтырылды:
- бағдаршамның тыйым салатын түсіне өту;
- полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау;
- көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірісіз басқару;
- көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқару.
"Құқықбұзушы уақытша ұстау камерасына қамалды. Жинақталған материалдар процесуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері заңнама талаптарын ашық түрде елемеу, қауіпті жүргізу және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Пікірлерді оқу