Жаңалықтар
20 сәуір 2026 19:08

Қауіпсіздік белдігі мен телефон: Астанадағы камералар жаңа ереже бұзу деректерін тіркей бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов

Астанада камералар қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану сияқты жол қозғалысы ережелерін бұзуды пилоттық режимде тіркей бастады, деп хабарлайды Tengri Auto әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада камералар қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану сияқты жол қозғалысы ережелерін бұзуды пилоттық режимде тіркей бастады, деп хабарлайды Tengri Auto әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада Astana Smart City жобасы аясында жол қозғалысын мониторингілеудің интеллектуалды жүйелері енгізіліп жатыр. Мұндай жүйелер заңбұзушылықтарды өздігінен таниды. Бұл шаралар жолдағы жүктемені азайтып, жол апаттары санын төмендетуге септігін тигізеді деп күтіледі.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Астанада 456 мыңға жуық автомобиль тіркелген. Тағы 50 мыңға жуығы тіркеусіз жүр. Бұл ретте автопарк жыл сайын шамамен 10 пайыз артып келеді. Үкіметте өткен ведомствоаралық комиссия отырысында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жағдай туралы баяндады.

Реклама
Реклама

Күн сайын қалаға 100 мыңға дейін көлік кіріп-шығады. Нәтижесінде жолдарға түсетін жалпы жүктеме тәулігіне 600 мың машинадан асады.

"Көлік жағдайын жақсарту және қауіпсіздікті арттыру мақсатында көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Автотұрақ кеңістігін, көлік ағындарын, бағдаршамдық реттеуді, эвакуациялауды, көліктік жоспарлауды және жазатайым оқиғалар санын азайту жөніндегі өзге де шараларды үйлестіру үшін жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы – Бірыңғай оператор құрылды", - деді Жеңіс Қасымбек.

Жүйенің бір бөлігі автоматты режимге көшірілді. Қазіргі уақытта 818 бағдаршамның 582-сі бейімделген - олар жолдағы жүктемеге қарай жұмыс режимін өзгертеді.

Показать комментарии