Елордада жол үстінде дрифт жасаған жүргізуші бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Елордада жол үстінде дрифт жасаған жүргізуші бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Патрульдік полиция қызметкерлері бұл туралы ақпаратты Жедел басқару орталығынан алған. Олар жүргізушінің жеке басын анықтап, оны оқиға орнында ұстады. BMW тізгінінде 29 жастағы шетелдік азамат болған.
Ол қауіпті маневр жасағаны, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартылған. Сот оны 15 тәулікке қамауға алу, ал автокөлігін коммуналдық тұраққа қою туралы шешім шығарды.
Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін ескертті. Мұндай құқықбұзушылықтардың жолы кесіледі, ал кінәлілер заң аясында жазаланады.
Пікірлерді оқу