Қазақстанда автомектептерді тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда автомектептерді тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір елімізде болашақ жүргізушілерді даярлайтын 727 автомектеп жұмыс істейді. Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, 20 нұсқама берілген.
Негізгі мәселелер материалдық-техникалық базаның сәйкес келмеуіне қатысты: автодромдарда жол белгілері мен таңбалары жоқ, кей жағдайларда жарықтың жеткіліксіздігі, сондай-ақ ақауы бар оқу автокөліктерін пайдалану деректері тіркелген. Мұның бәрі болашақ жүргізушілерді даярлау сапасына және оқу процесінің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар, 59 автомектеп оқушыларды техникалық байқаудан өтпеген және сақтандыруы жоқ көліктермен оқытқан.
Анықталған заңбұзушылықтар аясында 701 оқу тобында оқыту тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, автомектептерді есепке алу және топтарды тіркеу "Автошкола" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Онда куәліктердің түпнұсқалығын, оқу бағдарламасын және оқу автокөліктері бойынша деректерді нақты уақыт режимінде тексеруге болады.
Автомектеп ашу қиындай түспек
ІІМ автомектептерді ашу ережелерін қатаңдататын заң жобасын да дайындады. Қазір хабарлама жасау тәртібі қолданылады, бірақ оны рұқсат беру жүйесіне ауыстыру көзделіп отыр.
Егер өзгерістер қабылданса, автомектепті тек мемлекеттік органдардан рұқсат алғаннан кейін ғана ашуға болады.
Қазіргі уақытта заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр.
Пікірлерді оқу