Жаңалықтар
03 маусым 2026 16:33

Қазақстанда кейбір электрмобильдер үшін шектеулер бар: нені білу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Электрмобильдерді жеңілдікпен әкелуге қатысты мәселелер соңғы уақытта жиі назарға ілігіп жүр. Жақында кейбір электркөлік иелеріне салықты қосымша есептеу жағдайы қоғамда үлкен резонанс тудырды, ал депутаттар Мемлекеттік кірістер комитетінің іс-әрекетін өкілеттігін асыра пайдалану және азаматтардың құқықтарын бұзу тұрғысынан тексеруді талап етті.

Электрмобильдерді жеңілдікпен әкелуге қатысты мәселелер соңғы уақытта жиі назарға ілігіп жүр. Жақында кейбір электркөлік иелеріне салықты қосымша есептеу жағдайы қоғамда үлкен резонанс тудырды, ал депутаттар Мемлекеттік кірістер комитетінің іс-әрекетін өкілеттігін асыра пайдалану және азаматтардың құқықтарын бұзу тұрғысынан тексеруді талап етті.

Осы жағдайға байланысты Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті электромобиль иелеріне кедендік жеңілдіктерді қолдана отырып ЕАЭО-ға әкелінген барлық электрмобильге қолданылатын шектеулер туралы еске салды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Қолданыстағы ережелер

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, сөз 2022 жылғы 28 наурыз бен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында кедендік алымдар мен салықтарды төлеуден босатылып әкелінген электрмобильдер туралы болып отыр. Мұндай көліктерді кейіннен басқа біреуге беруге және иеліктен шығаруға қатысты бірқатар шектеулер бар.

Оның бірі көлікті жеңілдік қарастырылмаған ЕАЭО-ның басқа мемлекеттері азаматтарына немесе тұрақты резиденттеріне беруге қатысты.

МКД мәліметінше, егер электромобиль жеңілдікті мөлшерлемемен әкелінсе, ол еркін айналымға шығарылғаннан кейін үш жыл ішінде иесі келесі әрекеттерді жасай алмайды:

  • көлікті Ресей азаматына сатуға;
  • оны сенімхат бойынша беруге;
  • жалға беруге;
  • Ресейде тұрақты тұратын тұлғаның пайдалануына немесе иелігіне беруге.

Егер иесі бұл әрекеттерді үш жылдық мерзімнен бұрын жасағысы келсе, ол алдымен көлікті әкелу кезінде босатылған барлық кедендік алымдар мен салықтарды қосымша төлеуі тиіс.

Бұл ереже неге пайда болды?

Мұндағы қисын қарапайым: жеңілдіктер Қазақстанға ел ішіндегі электрмобиль нарығын дамыту үшін берілді, яғни оны көршілес мемлекеттерге кейіннен қайта сату мүлдем қарастырылмаған.

Сондықтан жеңілдікпен келген электрмобильді Одақтың басқа елдерінде кедендік төлемдерді айналып өту құралы ретінде пайдалануға болмайды. Айта кетейік, осындай шектеулер жеңілдікті квоталармен Армения, Беларусь және Қырғызстанға әкелінген электркарлар үшін де қолданылды.

Мұны кімдер білуі маңызды?

Қазақстандық иелердің көпшілігі үшін бұл шектеу білінбейді. Ол тек көлікті үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін Ресей азаматына немесе РФ-да тұрақты тұратын тұлғаға сату немесе беру жоспарланған жағдайларға ғана қатысты.

Көлікті әдеттегідей пайдалануға, ЕАЭО елдері бойынша жүруге және оны иесінің өз қажетіне қолдануына ешқандай шектеу қойылмайды.

Пікірлерді оқу