Жаңалықтар
22 сәуір 2026 12:56

Қазақстанда тағы 16 тасжолда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұл енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2026 жылы орташа жылдамдыққа шектеу тағы 16 тасжолда енгізіледі. Тәртіп бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ҚазАвтоЖол" компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Auto

Қазақстанда 2026 жылы орташа жылдамдыққа шектеу тағы 16 тасжолда енгізіледі. Тәртіп бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ҚазАвтоЖол" компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Auto

Толығырақ

Дархан Иманашев Жол жүрісі қағидаларына енгізілген өзгерістерден кейін, 2024 жылдың соңынан бастап Қазақстанда республикалық тасжолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізу басталғанын еске салды.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта камералар жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырымды құрайтын ақылы жолдардың сегіз учаскесінде жылдамдықты тіркеп, заң бұзушылықтар туралы деректерді жіберіп жатыр.

"Осы шараларды енгізу нәтижесінде республикалық жолдардағы жол-көлік оқиғаларының деңгейі 20 пайызға төмендеді. 2026 жылдың соңына дейін тағы 16 ақылы учаскеде осындай жүйелерді енгізу жоспарланған", - деді ол.

Иманашев олардың нақты қай учаскелер екенін атамады. Осыған байланысты біздің редакция ресми сауал жолдады.

Орташа жылдамдық деген не?

Орташа жылдамдық - бұл автомобильдің жолдың белгілі бір учаскесіндегі жолда жүру уақыты бойынша есептелетін жылдамдығы. Ол үшін екі камераның арасындағы қашықтық көліктің сол аралықты жүріп өткен уақытына бөлінеді.

Қарапайым тілмен айтқанда: егер жүргізуші камераның алдында кілт тежеп, кейін қайтадан жылдамдықты арттырса, жүйе бәрібір оның бүкіл учаскедегі орташа қандай жылдамдықпен жүргенін көрсетеді.

Орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл мөлшері қандай?

Орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершіліктің жеке жаңа түрі енгізілмейді. Жаза қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабында қарастырылған. 2026 жылы АЕК 4 325 теңге болған жағдайда, айыппұлдар келесідей болады:

  • жылдамдықты сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін асырғанда - 5 АЕК (21 625 теңге);
  • сағатына 20-дан 40 шақырымға дейін - 10 АЕК (43 250 теңге);
  • сағатына 40 және одан да көп шақырымға - 20 АЕК (86 500 теңге);
  • бір жыл ішінде қайталап асырғаны үшін - 30 АЕК (129 750 теңге);
  • сағатына 60 және одан да көп шақырымға - 40 АЕК (173 000 теңге).

Шектеу қай жерлерде қолданылады?

Қазіргі уақытта орташа жылдамдықты бақылау ақылы жолдардың сегіз учаскесінде жұмыс істеп тұр:

  • Астана - Щучинск (140 км/сағ);
  • Астана - Павлодар (140 км/сағ);
  • Шымкент - Қызылорда (110 км/сағ);
  • Шымкент - Тараз (110 км/сағ);
  • Павлодар - Семей - Қалбатау (100–110 км/сағ);
  • Орал - Ресей шекарасы (Саратов) (100 км/сағ);
  • Павлодар - Ресей шекарасы (Омбы) (100 км/сағ);
  • Жібек Жолы - Теміртау (140 км/сағ).

Ең көп заң бұзушылық қай жерде тіркелді?

"ҚазАвтоЖол" деректері бойынша, орташа жылдамдықты асырудың ең көп жағдайы Шымкент - Қызылорда тасжолында тіркелген - 54 863 оқиға.

Одан кейінгі орындарда: Астана - Щучинск - 29 330 жағдай және Астана - Павлодар - 18 188 жағдай.

Пікірлерді оқу