18 маусым 2026 16:14

Қазақстандағы рейд барысында көлігіне жалған нөмір таққан 500-ден аса жүргізуші анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов

10-14 маусым аралығында бүкіл ел аумағында жалған мемлекеттік нөмір таққан автокөліктерді анықтау бойынша рейд жүргізілді, деп хабарлайды Tengri Auto.

10-14 маусым аралығында бүкіл ел аумағында жалған мемлекеттік нөмір таққан автокөліктерді анықтау бойынша рейд жүргізілді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Жедел-профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша жол қозғалысы ережесін бұзудың 22 мыңнан астам дерегі анықталды:

  • жалған мемлекеттік нөмір тағудың 500 жағдайы;
  • мемлекеттік нөмірі жоқ 1,5 мыңнан астам жүргізуші.
Реклама
Реклама

2,5 мыңға жуық автокөлік айыптұраққа жөнелтілді.

ІІМ мәліметінше, жүргізушілер жауапкершіліктен жалтару үшін жалған нөмірді әдейі пайдаланған. Ведомство мұндай құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғаса беретінін атап өтті.

"Әрбір құқықбұзушылыққа тиісті құқытық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады. Осындай құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары тұрақты негізде жалғасады", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Рөлі оң жақтағы көліктер бойынша рейд

Еске сала кетейік, Қазақстанда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін бақылауға бағытталған "Қауіпсіз жол" рейдтері басталды. Іс-шара 2026 жылдың 15 маусымы мен 30 маусымы аралығында өтеді.

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің мәліметінше, жолдарда рөлі оң жақта орналасқан көліктерге, оның ішінде Toyota Alphard, Toyota Estima және басқа да ұқсас модельдерге ерекше назар аударылады.

Бұған дейін Қарағандыда байкер полицейлерден қашқан сәтін видеоға түсіріп алғаны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Айыппұлды төлеуге асықпаңыз: адвокат оның күшін қашан жоюға болатынын айтты

Пікірлерді оқу