26 маусым 2026 16:14

Қазақстандық бөтеннің автокөлігін ұрлап, Бурабай курортына барған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Ақмола облысында көлік ұрлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысында көлік ұрлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 маусымда полицияға BMW 316 автокөлігі ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Иесінің айтуынша, ол көлігін компьютерлік клубтың жанына қалдырып кеткен, ал біраз уақыттан кейін оның жоқ екенін байқаған.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеген полицейлер автокөліктің құлыпталмағанын, ал кілті салонда болғанын анықтады.

Реклама
Реклама

"Осы мүмкіндікті пайдаланған қаскөй кедергісіз рульге отырып, Бурабай курорттық аймағына қарай бет алған. Ұрланған көлік туралы бағдарлама дереу барлық патрульдік экипаж бен полиция бөлімшелеріне берілді. Жедел уәкілдер мен патрульдік полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде көлік құралы Бурабай кентіндегі демалыс орындарының бірінің маңынан табылды", - деді ведомстводағылар.

Біраз уақыттан кейін полицейлер ер адамды тапты. Тексеру оның ұрлыққа қатысы бар екенін растады. Полиция мәліметінше, ол бұған дейін де осындай қылмыстары үшін жауапқа тартылған.

Ұсталған адамның айтуынша, ол иелері кілтін салонда қалдырған немесе есігін құлыптамаған көліктерді әдейі іздеген.

Көлік ұрлау дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер жүргізушілерге көлік кілтін тіпті бірнеше минутқа болсын қалдырмауды, есіктерді әрдайым жауып жүруді және мүмкіндігінше ұрлыққа қарсы қосымша қорғаныс құралдарын қолдануды ескертеді.

Пікірлерді оқу