Жаңалықтар
Кеше 18:41

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен елімізде өз мамандығы бойынша жұмыс істегеннен гөрі курьер немесе такси жүргізушісі болған тиімдірек деп санайтын қазақстандықтарға кеңес беруді сұрады. Министр күтпеген болжам жасады, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен елімізде өз мамандығы бойынша жұмыс істегеннен гөрі курьер немесе такси жүргізушісі болған тиімдірек деп санайтын қазақстандықтарға кеңес беруді сұрады. Министр күтпеген болжам жасады, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі.

"Кейінгі кездері Қазақстанда мамандық бойынша еңбек еткеннен гөрі курьер болып жұмыс істеу оңайырақ деген пікір қалыптасқан. Жастарға қандай кеңес берер едіңіз?" - деп сұрады Мәжілістегі брифингте Ғылым министрінен.

Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл жерде сөз платформалық жұмыспен қамту - Glovo, Wolt, "Яндекс" сияқты жеткізу және такси сервистері арқылы жұмыс істеу туралы болып отыр. Қазір бұл салада 700 мыңға жуық қазақстандық еңбек етеді.

Реклама
Реклама

"Бірақ менің жастарға және жас қана емес, барлық қазақстандыққа айтар шын жүректен, жанашырлықпен берер кеңесім - бұл мүлдем уақытша жұмыс түрі. Осы жылдың өзінде бірнеше қазақстандық компания автопилоттарды іске қосып жатыр. Біз атқарған жұмыстың арқасында осы технологияларды меңгерген 500-600-дей маман даярланды. Олар тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Алғашқы автопилоттар пайда бола бастайды. Бірнеше жылдың ішінде, бұл өте тез жүзеге асады деп ойлаймын, тіпті осы курьерлер де керек болмай қалады", - деді министр.

Оның болжамы бойынша, автоматтандыру алдағы бірнеше жылда курьерлер мен жүргізушілердің бір бөлігін алмастыруы мүмкін.

"Яғни, дрондар, жеткізуші роботтар - мұның бәрі ғылыми фантастика емес, бұл өте тез арада шындыққа айналады. Тіпті осы курьерлердің өзі жақын жылдары алмастырылу қаупі жоғары аймақта тұр (...) Такси жүргізушілері қазіргі жұмыс жағдайында шынымен де жақсы табыс табады. Бірақ бәрі өте тез өзгереді", - деп толықтырды министр.

Осыған байланысты Нұрбек жастарға толыққанды мамандықтарды таңдауға және кәсіби дағдыларды дамытуға кеңес береді. Оның пікірінше, платформалық жұмыс қазір табыс әкелгенімен, орта немесе ұзақ мерзімді мансап бола алмайды.

Бұған дейін Ғылым министрлігінің басшысы жалақының төмендігінен немесе жеңілдіктердің жоқтығынан қазақстандықтар оқығысы келмейтін мамандықтарды атаған болатын. Үкімет мұндай бағыттардың тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс істеп жатыр.

Пікірлерді оқу