Жаңалықтар
08 мамыр 2026 12:31

Орал тұрғыны көлігін бүлдіргені үшін автожуу орнынан ақша өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Көлігі зақымдалған жүргізуші мен автожуу орны арасында жанжал туындады, деп хабарлайды Tengri Auto.

Көлігі зақымдалған жүргізуші мен автожуу орны арасында жанжал туындады, деп хабарлайды Tengri Auto.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің ақпаратынша, Chery Tiggo 2 Pro көлігінің иесі автожуу орнына келген. Жуу аяқталғаннан кейін қызметкер жабдықтың толық тоқтағанына көз жеткізбестен, кілтті иесіне қайтарып берген.

Көлік иесі есікті ашқан кезде жабдық әлі де қозғалыста болып, машинаны зақымдаған. Бұл ретте жауапкер кінәсін мойындамай, клиенттің өзі есікті ашып, сол арқылы автожуу жабдығына зақым келтіргенін алға тартқан.

Реклама
Реклама

Сот іс материалдарын, соның ішінде бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, автожуу қызметкерінің қауіпсіздік ережелерін шынымен бұзғандығы туралы қорытындыға келді - ол жабдық әлі жұмыс істеп тұрған кезде клиентке кілтті берген.

Нәтижесінде сот көлік иесінің талап арызын ішінара қанағаттандырған.

Сот шешімімен жауапкерден келесі сомалар өндірілген:

  • 357 446 теңге көлеміндегі материалдық шығын;
  • мемлекеттік баж салығы, 3 574 теңге;
  • бағалаушы қызметіне жұмсалған шығындар, 50 000 теңге;
  • өкілдік шығындар, 35 745 теңге.

Автожуу орны иесінің шығынды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылмаған. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлерді оқу