Жаңалықтар
03 сәуір 2026 17:20

Орал тұрғыны “лайфхак“ қолданам деп көліксіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден кадрлар

Оралда жүргізуші оқшаулағыш таспа көмегімен мемлекеттік нөмірді өзгертіп алған, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оралда жүргізуші оқшаулағыш таспа көмегімен мемлекеттік нөмірді өзгертіп алған, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдеу барысында полиция батальонының қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің алдыңғы мемлекеттік нөмір белгісіндегі әріпті оқшаулағыш таспамен өзгерткені анықталды.

Полиция мәліметінше, ол осылайша жалған нөмір тағылған көлікпен жүрген.

Реклама
Реклама

Ведомство мұндай әрекеттер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып саналатынын атап өтті.

Құқық бұзушылық дерегі бойынша жүргізуші жауапқа тартылды. Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылған.

Пікірлерді оқу