Оралдағы аулалардың бірінде Жедел басқару орталығының камераларына ерекше көлік ұрлығы түсіп қалды. Көршісінің автокөлігін иемдену үшін жергілікті тұрғын эвакуаторды пайдаланған, деп хабарлайды Tengri Auto Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, күдікті - облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны көршісінің аулада тұрған Toyota Camry көлігінің есігі құлыпталмағанын байқаған. Ол көп ойланбастан аулаға эвакуатор шақыртып, назарына іліккен көлікті алып кеткен.
Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті қала маңынан тауып, заңды иесіне қайтарды. Көлік құны 8,5 миллион теңгеге бағаланып отыр. Тергеу амалдары басталды.
Полиция автокөлік есігін әрдайым құлыптап, кілтті салонда қалдырмау және қосымша қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігін еске салды.
Бұған дейін 15 жастағы қазақстандық TikTok-қа видео түсіру үшін атасының көлігін ұрлап әкеткені хабарланған болатын.
Пікірлерді оқу