07 шілде 2026 16:02

Шымбұлаққа көлікпен кіруге қайтадан тыйым салынбақ: жоба жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Алматы мәслихаты ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көліктердің кіруін шектеу туралы шешім жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Жобаға сәйкес, қоммуналдық қызметтер, сол аумақта тұратын тұрғындар мен жұмыс істейтін ұйымдардың көліктері, сондай-ақ электрмобильдерден бөлек барлық автокөліктің кіруіне шектеу енгізу жоспарланып отыр.

Жоба бойынша, шектеулер Шымбұлақ шатқалына түсетін жүктемені азайту, экологиялық жағдайды жақсарту, ауаның ластануы мен шу деңгейін төмендету, сондай-ақ табиғи кешендерді сақтау мақсатында ұсынылып отыр.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бұған дейін Конституциялық сот Шымбұлаққа бензин қолданатын автокөліктердің кіруіне салынған тыйымды заңсыз деп таныған болатын.

Бұған Тұйықсу шатқалының тұрғыны берген арыз себеп болды. Ол шектеулерге байланысты үйіне кедергісіз жете алмайтынын айтқан. Үйіне баратын жалғыз жол Шымбұлақ шатқалы арқылы өтеді.

Сот мемлекет экологияны қорғау үшін шектеулер енгізуге құқылы екенін, бірақ мұны заң аясында жүзеге асыру қажет екенін көрсетті.

Атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіруге тыйым салу туралы шешімді әкімдік емес, мәслихат қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, сот көлік қозғалысына шектеулер заңды түрде ресімделсе және азаматтардың құқықтары ескерілсе ғана мүмкін болатынын атап өтті.

Пікірлерді оқу