Алматыдағы мектептер бірінің түлектері оқу жылының аяқталуын қала көшелерінде автокортежбен атап өтті, деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматыдағы мектептер бірінің түлектері оқу жылының аяқталуын қала көшелерінде автокортежбен атап өтті, деп хабарлайды Tengri Auto.
Бұған дейін полиция соңғы қоңырау күні автокортежге тыйым салынғанын ескерткеніне қарамастан, мектеп түлектерінің бір тобы қала көшелерімен автокөліктер колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған.
Нәтижесінде 21 түлектің ата-анасы бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу деректері бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөліктер арнайы айыптұраққа жөнелтілді.
"Алматы полициясы автокортеж ұйымдастыруға, әсіресе оған кәмелетке толмағандардың қатысуына жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерткен болатын. Соған қарамастан кейбір азаматтар заң талаптарын елемеді. Осындай әрбір дерек бойынша полиция қағидатты түрде әрекет ететінін атап өткім келеді. Мерекелік көңіл-күй қоғамдық тәртіпті бұзуға және өзгенің қауіпсіздігіне қатер төндіруге себеп болмауы тиіс", - деді Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
Полиция соңғы қоңырау күні және одан кейінгі кезеңде жолдардағы бақылау күшейтілетінін еске салды.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында мектеп бітіру кештерін өткізуге қойылатын талаптарды нақтылаған болатын. Атап айтқанда, мектеп бітіру кештерін мектептен тыс жерде өткізуге жол берілмейді.
Сондай-ақ білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақша және өзге де материалдық құндылықтар жинауға қатаң тыйым салынады.
Тағы оқыңыз: “Балаларды бақылаусыз қалдырмауды сұраймыз“: Алматы полициясы күшейтілген режимге көшеді
Пікірлерді оқу