Toyota Қазақстанда қауіпсіздік жастығының ықтимал ақауына байланысты ескі RAV4 үлгілерін кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.
Toyota Қазақстанда қауіпсіздік жастығының ықтимал ақауына байланысты ескі RAV4 үлгілерін кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.
Toyota Motor Corporation-ның Қазақстандағы ресми өкілі "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС 1997–1998 жылдары шығарылған жекелеген Toyota RAV4 автокөліктеріне қатысты ерікті түрде кері қайтару науқанын жариялады.
Науқан аясында мамандар жүргізушінің алдыңғы қауіпсіздік жастығының газ генераторын тексеріп, қажет болған жағдайда тегін ауыстырады. Мәселе зауытта орнатылған Takata (NADI) газ генераторларымен жабдықталған көліктерге қатысты болып отыр.
Компания өкілдерінің мәліметінше, уақыт өте келе жекелеген компоненттердің сипаттамалары нашарлауы мүмкін. Бұл сирек жағдайларда қауіпсіздік жастығының дұрыс жұмыс істеуіне әсер етіп, жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алу қаупін арттыруы ықтимал.
20SMD-005 кері қайтару науқаны аясындағы барлық жұмыс Қазақстандағы кез келген ресми Toyota дилерлік орталығында тегін жүргізіледі.
1997–1998 жылдары шыққан Toyota RAV4 иелеріне VIN-код арқылы көлігінің кері қайтару науқанына ілігетінін тексеру, содан кейін қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ресми дилерге жүгіну ұсынылады.
Тағы оқыңыз: Hyundai көліктері тежегіштегі ақауға байланысты жаппай кері қайтарылып жатыр: Қазақстанға қатысы бар ма?
Пікірлерді оқу