Республикалық тасжолда мемлекеттік нөмірін матамен жауып алған Hyundai автокөлігі байқалды,- деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Республикалық тасжолда мемлекеттік нөмірін матамен жауып алған Hyundai автокөлігі байқалды,- деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылордадан Таразға бара жатқан жолда жүргізуші автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырып қана қоймай, заңбұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін камераларға әдепсіз қимылдар көрсеткен.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады, содан кейін іс материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Еске салайық, ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес, жалған мемлекеттік нөмірмен көлік жүргізгені үшін 1 жылға куәліктен айыра отырып, 5 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.
Қазақстанда жалған нөмірлерге қатысты 900 заңбұзушылық тіркелді
Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдарында жалған немесе жасырын нөмірлерге қатысты 900-ге жуық заңбұзушылық анықталған. "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәліметінше, сөз жалған, оқылмайтын немесе дұрыс орнатылмаған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автокөліктер туралы болып отыр.
Пікірлерді оқу