20 маусым 2026 16:48

Видео түсірмек болған: Атырауда жүргізуші мен жолаушы жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадрлар

Атырауда қозғалыстағы көліктің терезесінен шығып, видео түсірген жүргізуші мен жолаушы жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Атырауда қозғалыстағы көліктің терезесінен шығып, видео түсірген жүргізуші мен жолаушы жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Мән-жайы

Өңірлік полиция мәліметінше, оқиға 16 маусымда сағат 11:30 шамасында Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс даңғылында болған.

Реклама
Реклама

37 жастағы жолаушы қозғалыс кезінде терезеден шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзған. Жарияланған кадрлардан ер адамдардың стақанға сусын құйып жатқанын да көруге болады.

Полиция қызметкерлері бұл видеоны әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады.

Қазір Instagram-дағы жазба өшірілген.

Тәртіп сақшылары заңбұзғандардың жеке басын анықтап, жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полицияның ескертуі

Полиция департаменті жол бөлігіндегі немесе көлік қозғалысы кезіндегі кез келген іс-әрекет заңнама талаптарына сай болуға тиіс екенін және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі керегін ескертті.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілер үшін контент жасау, жарнамалық түсірілімдер жүргізу және басқа да медиа жобаларды іске асыруда жол қозғалысы ережелерін сақтау міндет екені айтылды.

Пікірлерді оқу