Қазақстан жолдары
Кеше 19:32

2026 жылы Қазақстанда қандай жолдар жаңартылады: толық тізім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Көлік министрлігі 2026 жылға арналған жол жөндеу жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Tengri Auto.

Көлік министрлігі 2026 жылға арналған жол жөндеу жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Tengri Auto.

Биыл 11 мың шақырым жол әртүрлі жол жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде 3,4 мың шақырым республикалық жол қазірдің өзінде салынып және жаңартылып жатыр.

Қазіргі уақытта өтпелі кезеңдегі жобалар:

Реклама
Реклама
  • Қызылорда – Жезқазған – 208 шақырым (Ұлытау облысы бойынша);
  • Ақтөбе – Ұлғайсын – 28 шақырым;
  • Рахман қайнары – 28 шақырым;
  • Атырауды айналып өту жолы – 26 шақырым;
  • Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы – 15 шақырым;
  • Ертіс өзені арқылы өтетін көпір – 3 шақырым.

Жаңа жобалар:

  • Сарыағашты айналып өту жолы – 102 шақырым;
  • Қызылорданы айналып өту жолы – 26 шақырым;
  • Ақтөбе – Ұлғайсын – 234 шақырым;
  • Қарағанды – Жезқазған – 572 шақырым;
  • Атырау – Доссор – 87 шақырым;
  • Орталық – Батыс – 896 шақырым;
  • Бейнеу – Сексеуіл – 800 шақырым;
  • Ұлғайсын – Сексеуіл – 312 шақырым.

5 мың шақырым жолда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті маңызы бар жолдарда 2026 жылы 2,4 мың шақырымды салу, қайта жаңарту және жөндеу жоспарланған.

Сонымен қатар Қазақстанда облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасы жалғасып жатыр. Жоспарға сәйкес, 2029 жылға дейін мұндай жұмыстармен кемінде 10 мың шақырым жол қамтылуы тиіс.

  • 2024 жыл – 1,0 мың шақырым;
  • 2025 жыл – 2,3 мың шақырым;
  • 2026 жыл – 2,3 мың шақырым;
  • 2027 жыл – 2,2 мың шақырым;
  • 2028 жыл – 2,2 мың шақырым.

Сондай-ақ 2027–2028 жылдары 2026 жылы басталған жобаларды жалғастырып, жаңаларын іске қосу жоспарланған. Олардың қатарында:

  • Петропавлды айналып өту жолы – 8 шақырым;
  • Ұлғайсын – Сексеуіл – 462 шақырым;
  • Рудныйды айналып өту жолы – 17 шақырым.

Бұған дейін Ұлытау мен Қызылорда арасындағы тасжол құрылысы аяқталатыны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Асфальттың орнына қиыршық тас: Қазақстанда жол салу нормалары өзгерді

Пікірлерді оқу