26 маусым 2026 17:18

Әл-Фараби даңғылы жабық: жұмыстар қашан аяқталатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Әл-Фараби даңғылында жерасты газ құбырын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Әл-Фараби даңғылында жерасты газ құбырын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto.

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Алматы өндірістік филиалы мәліметінше, әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы (Луганский көшесінен Қаратаев көшесіне дейінгі учаскеде) орташа қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңарту жұмыстарын 2026 жылы шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Осы мерзім ішінде мердігер құрылыс жұмыстарын аяқтап, аумақты абаттандыруы және асфальт жабынын қалпына келтіруі тиіс.

Реклама
Реклама

Осыдан кейін мамандар жаңа газ құбырын сынақтан өткізуге кіріседі.

"Тұрғындарға қолайсыздық тудырмау және даңғылдың эстетикалық келбетін қалпына келтіру үшін іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары қатар жүргізіледі", - деді компаниядағылар.

Асфальт-бетон жабынын жоғары сапалы материалдардан қалпына келтіруге уәде берілді.

Еске салайық, 11 маусымда Медеу және Бостандық аудандарында орташа қысымды жерасты газ құбырын жаңарту жұмыстары басталды.

Осыған байланысты төрт учаскеде қозғалыс ішінара шектелген:

  • Falcon City тұрғын үй кешенінің маңында;
  • Ritz Palace сауда орталығына қарама-қарсы тұста;
  • Меңдіқұлов көшесі мен Назарбаев даңғылының аралығында;
  • Померанцев және Қаратаев көшелерінің аралығында.

Пікірлерді оқу