Алматыда Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін алты жолақты жол салынады, деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматы әкімдігі мәліметінше, қалада Баймағамбетов көшесі, Құлжа тасжолы, Бұқтырма көшесі мен Рысқұлов даңғылы шаршысында жалпы ұзындығы 17,5 шақырым болатын жаңа жол салу жоспарланып отыр.
Бұқтырма көшесі мен Рысқұлов даңғылын жалғайтын жаңа магистраль ені 50 метр, ұзындығы 4,6 шақырым алты жолақты көше болмақ.
"Бұл жолды салу Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен көлік байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде көлік қолжетімділігі артып, қаланың көше-жол желісінің өзара байланысы жақсарады, сондай-ақ Алматы мен агломерациядағы елдімекендер арасындағы көлік қатынасының тиімділігі күшейеді", - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жаңа магистраль құрылысына байланысты мемлекет қажеттілігіне 200-ге жуық жер учаскесін сатып алу көзделген. Тиісті қаулы қабылданды, жылжымайтын мүлік иелеріне хабарлама жолданды.
Еске сала кетейік, биыл Талғар тасжолын да алты жолаққа дейін кеңейту жоспарланған.
Тағы оқыңыз: Шекарадағы көліктерге арналған күту аймақтары өзгертілмек: жүргізушілер нені білуі керек?
Пікірлерді оқу