Алматыда жылу желілерін ауыстыруға байланысты Уәлиханов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы бір айға шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматыда жылу желілерін ауыстыруға байланысты Уәлиханов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы бір айға шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Медеу ауданында 1979 жылдан бері, яғни 50 жылға жуық уақыт бойы қызмет көрсетіп келе жатқан 250 метрге жуық жылу трассасы ауыстырылады.
Шектеулер Әлімжанов көшесінен Уәлиханов көшесіндегі № 58 үйге дейінгі учаскені қамтиды. Көлік қозғалысы жұмыстардың жүргізілуіне қарай кезең-кезеңімен жабылады:
- 15 маусымнан бастап - Әлімжанов көшесінен Жібек жолы даңғылына дейін;
- 4 шілдеден бастап - Жібек жолы даңғылымен қиылысында;
- 7 шілдеден бастап - Жібек жолы даңғылынан № 58 үйге дейін.
Жүргізушілерден жолдың жабылуына түсіністікпен қарау сұралады.
Тағы оқыңыз: Әл-Фараби даңғылында газ құбырын ауыстыруға байланысты көлік қозғалыс ішінара шектеледі