Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір учаскесінде қозғалыс бір күнге шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір учаскесінде қозғалыс бір күнге шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Әкімдік мәліметінше, шектеулер жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіліп отыр.
26 маусымда сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін Рысқұлбеков көшесінің Мұстафиннен Саин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.
Оқиға орнына ескерту жол белгілері мен мердігер ұйымның байланыс мәліметтері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.
Жүргізушілерден маршрутты жоспарлау кезінде осы өзгерістерді алдын ала ескеру сұралады.
Тағы оқыңыз: LRT құрылысына байланысты Алматыдағы Момышұлы көшесінде көлік қозғалысы қалай өзгереді?