23 шілде 2026 13:45

Алматыда Шымбұлаққа баратын жолда қозғалыс төрт айға шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медеу - Тұйықсу жолы қарашаның аяғына дейін ішінара жабылады, деп хабарлайды Tengri Auto.

2026 жылдың 24 шілдесі мен 30 қарашасы аралығында Медеу - Тұйықсу автокөлік жолында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі.

Алматы әкімдігі мәліметінше, бұл жұмыс Шымбұлақ шатқалындағы нысандар жұмысын қамтамасыз ететін инженерлік желілер сенімділігін арттыруға бағытталған.

Жарнама
Жарнама

Фото: Алматы әкімдігі

Жұмыс жүргізу кезінде жолдағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл шара жұмысты қауіпсіз жүргізу, арнайы техниканың кедергісіз өтуі және жаңғыртуды белгіленген мерзімде аяқтау үшін қажет.

Бұл ретте Шымбұлақ шатқалындағы туристік нысандар әдеттегі режимде жұмысын жалғастыра береді.

Жедел және апаттық қызмет көліктері, шатқал тұрғындарының автокөліктері, сондай-ақ арнайы техника үшін жол ашық болады.

Еске сала кетейік, Медеуден Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі жол учаскесінде 5,7 шақырым орта қысымды газ құбырын және 2,7 шақырым су бұру желісін салу жоспарланған.

Сондай-ақ биыл 16 маусымнан желтоқсанға дейін Медеу маңындағы тұраққа кіру уақытша шектелді.

Бұған дейін Алматы облысында Қайыңды көліне баратын жол құрылысы аяқталуға жақын екені хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Алматыдан ҮАААЖ-ға шығу оңайырақ болады: қай жолдар бірінші ашылады және қашан?

Пікірлерді оқу