10 шілде 2026 15:46

Алматыда Снегин көшесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 1989 жылдан бері жаңартылмаған құбыр желісін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.

Осыған байланысты 13 шілдеден бастап "Самал-2" шағынауданындағы Снегин көшесінің Меңдіқұлов бульвары мен Достық даңғылы аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

Жарнама
Жарнама

"Шектеу көшенің жүру бөлігінің астынан өтетін құбыр желісінің учаскесін реконструкциялау бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі", - деп атап өтті "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-нен.

Сондай-ақ тұрғындарға ыстық судың өшірілмейтіні хабарланды.

Бұл жылу желісі 8 көппәтерлі тұрғын үйді, бір мектепті, екі балабақшаны және тағы 15 нысанды ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етеді.

Тұрғындардан жұмыс жүргізу кезіндегі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады.

Пікірлерді оқу