Қазақстан жолдары
25 мамыр 2026 12:32

Алматыдағы үш көшеде бір жақты қозғалыс енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медеу ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Tengri Auto Алматы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Медеу ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Tengri Auto Алматы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

23 мамырдан бастап Уәлиханов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізілді.

Фото: Алматы әкімдігі

Реклама
Реклама

Сондай-ақ Жуков (оңтүстік бағытта) және Манаев (солтүстік бағытта) көшелерінің Затаевич көшесінен Ахмедьяров көшесіне дейінгі бөлігі де біржақты болады.

Фото: Алматы әкімдігі

Аталған көшелердегі біржақты қозғалыс пилоттық режимде енгізілді. Одан арғы шешімдер өзгерістердің көлік ағыны мен жол кептелісіне қалай әсер ететінін бағалау нәтижелері бойынша қабылданады.

Қозғалыс сызбасын өзгерту туралы шешім жергілікті тұрғындардың өтініші мен жүргізілген талдаудан кейін қабылданған. Жаңа қозғалыс жүйесі жолдарға түсетін жүктемені азайтуға, көшелердің өткізу қабілетін арттыруға және жүргізушілер арасындағы даулы жағдайларды азайтуға септігін тигізеді деп күтіледі.

Бұған дейін Алматының екі көшесінде жаңа сары түсті жол таңбасы пайда болған.

Пікірлерді оқу