12 мамырдан бастап Алматы облысында "Астана - Қарағанды - Алматы" автожолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
12 мамырдан бастап Алматы облысында "Астана - Қарағанды - Алматы" автожолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, жолда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар тасжолдың 1121-1186 және 1194-1209 шақырым аралығындағы учаскелерін қамтиды.
Осыған байланысты 12 мамыр мен 12 шілде аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін Күрті - Шабыт учаскесі (1121–1177 шақырым) жабылады. Бұл уақытта көлік қозғалысы айналма жол арқылы жүзеге асырылады.
Компания өкілдері жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлауды және уақытша белгілерге назар аударуды сұрайды.
Пікірлерді оқу