Қазақстан жолдары
20 мамыр 2026 11:29

Астана - Қарағанды тасжолының учаскесі бір айға ішінара жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 маусымнан бастап Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.

5 маусымнан бастап Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі аралықта жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Фото Astana news Telegram-арнасынан

Жөндеу жұмыстарына байланысты 5 маусым мен 5 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Екі бағытта да қозғалыс сақталады, бірақ көліктер жолдың бір жағымен ғана жүреді. Жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу жоспарланған.

Реклама
Реклама

Жүргізушілерге айналып өту үшін балама бағыттар ұсынылады:

  • жолайрықтан оңға қарай айналма жолмен Ақжол көшесіне немесе Алаш тасжолына қарай;
  • солға қарай айналма жолмен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін.

Жүргізушілерден өзгерістерді алдын ала ескеріп, бағыттарын жоспарлау сұралады. Учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.

Пікірлерді оқу