Астанада Абай даңғылының Республика даңғылынан Сембинов көшесіне дейінгі аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл учаскедегі қозғалыс 3 мамырға дейін жабылды.
Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды. Учаскеде уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Еске сала кетейік, Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі жөнделіп жатыр, жұмыстар 1 мамырға дейін жалғасады.
Пікірлерді оқу