Астанада жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Төле би көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады, деп хабарлайды Tengri Auto.
Астанада жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Төле би көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады, деп хабарлайды Tengri Auto.
5 маусым мен 5 шілде аралығында Төле би көшесінің Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс толығымен тоқтатылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды және қозғалыс ұйымындағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Қолайсыздықты азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада Тілендиев даңғылы бір айға ішінара жабылатыны хабарланған.
Пікірлерді оқу