Кенесары көшесінің Сембинов көшесінен Ғабдуллин көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Кенесары көшесінің Сембинов көшесінен Ғабдуллин көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлау және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Еске салайық, Байтұрсынов көшесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты А52 көшесінен С. Шаймерденов көшесіне дейінгі жол учаскесі жабылады.
Пікірлерді оқу