09 шілде 2026 11:43

Астанадағы көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты бір аптаға жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Астанада Сығанақ көшесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты 9-16 шілде аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Арыс (М-3) көпіріне дейінгі учаскеде қозғалыс бір жақпен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жарнама
Жарнама

Қозғалыс кезең-кезеңімен жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Еске сала кетейік, 9-15 шілде аралығында Аманжолов көшесі толығымен жабылады.

Пікірлерді оқу