22 шілде 2026 16:50

БҚО-дағы халықаралық автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадрлар

Батыс Қазақстан облысында Шаған өзені арқылы өтетін көпірде қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Көпірде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Шектеу Ақтөбе – Орал – Ресей Федерациясының шекарасы ("Сырым" өткізу пункті) автожолында 2026 жылғы 26 шілде сағат 5:00-ден 11:00-ге дейін енгізіледі.

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты. Жұмыстар халықаралық маңызы бар ҚАЗ10 автожолының 247-шақырымында жүргізіледі.

Жарнама
Жарнама

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады.

Бұған дейін аптаптың Қазақстанның үш облысында жолдарды зақымдағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарында күннің ысуына байланысты цемент-бетон жолдарында деформациялар анықталды. Зақымдалған учаскелер туралы толығырақ біздің материалда.

Пікірлерді оқу