Қазақстан жолдары
13 мамыр 2026 15:53

Депутат ауылдардағы асфальтты цемент пен қиыршық тасқа ауыстыруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстан ауылдарында асфальтсыз - цемент, топырақ, құм және қиыршық тасты қолдана отырып жол салуды ұсынды. Ол тиісті депутаттық сауалды премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстан ауылдарында асфальтсыз - цемент, топырақ, құм және қиыршық тасты қолдана отырып жол салуды ұсынды. Ол тиісті депутаттық сауалды премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Смирнованың айтуынша, елімізде республикалық тасжолдарға үлкен көңіл бөлінгенімен, шағын ауылдар мен фермерлік қожалықтарға баратын жолдар әлі де күрделі мәселе болып отыр.

"Объективті түрде айтсақ, бюджеттік мүмкіндіктер қандай болса да, олардың барлығына классикалық әдіспен асфальт төсеу мүмкін емес және экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Бірақ ауылды аудан орталығы, мектеп және базармен байланыссыз қалдыруға да болмайды", - деді депутат.

Реклама
Реклама

Смирнова қазіргі уақытта іс жүзінде тек екі жол бар деп есептейді: не қымбат әрі ұзақ салу, не мүлдем салмау. Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда қолжетімді балама бар - бұл жергілікті материалдардан цементпен нығайтылып салынатын жолдар.

Ирина Смирнованың сөзінше, мұндай жолдар асфальт жолдарға қарағанда 6–8 есе арзан болуы мүмкін, тезірек салынады және температураның ауытқуы мен ауыр ауыл шаруашылығы техникасының салмағына төзімді келеді.

Мысал ретінде ол АҚШ, Германия және Қытайды келтірді, бұл елдерде мұндай технологиялар ауылдық және егістік жолдары үшін кеңінен қолданылады.

Осыған байланысты депутат қолданыстағы құрылыс нормаларын қайта қарауды, цемент пен жергілікті материалдардан жасалатын ауыл жолдарының үлгілік жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ еліміздің бірнеше өңірінде пилоттық жобаларды іске қосуды ұсынды.

"Құрылыстың неғұрлым арзан әрі технологиялық әдістеріне көшу - бұл амалсыз арзандату емес, аумағы кең елдің саналы инженерлік таңдауы", - деп түйіндеді ол.

Сонымен қатар Ирина Смирнова болашақта салынған шақырымдардың ресми санына емес, әрбір ауыл үшін көлік қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған "Ауыл жолдары" атты жеке бағдарлама құру қажет деп санайды.

Мән-жайы

Қаңтарда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстанда шағын елді мекендерге баратын кірме жолдарды салу тәсілін қайта қарау және асфальт жабындысынан бас тартып, сапалы қиыршық тасты жолдарға көшу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Кейінірек көлік министрлігі қолданыстағы тәжірибенің тиімділігі төмен екенін көрсеткенін түсіндірді: асфальт жолдарды салу мен күтіп ұстау қымбатқа түседі, ал көптеген шағын ауылдар қара жолдарды пайдалануға мәжбүр болған.

Пікірлерді оқу