Тараз - Шымкент тасжолының ақылы учаскесінде орташа жылдамдықты асыру деректерін тіркеу қайта басталды, - деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Тараз - Шымкент тасжолының ақылы учаскесінде орташа жылдамдықты асыру деректерін тіркеу қайта басталды, - деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Сөз "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің учаскесі туралы болып отыр. Жүйе 2026 жылдың 5 маусымынан бастап іске қосылды.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау және жол белгілеріне назар аудару қажет екенін еске салды.
Орташа жылдамдық көліктің бақылау нүктелері арасындағы учаскені жүріп өткен уақыты бойынша есептелетіні ескертілді. Егер жүргізуші белгіленген шектен асырса, ақпарат уәкілетті органдарға жолданады.
Компания бұл жүйе тасжолдардағы қауіпсіздікті арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ жүргізушілерден рөлде мұқият болу және жол жағдайын ескеру сұралды.
Қазақстанда тағы 16 тасжолда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұл енгізіледі
Пікірлерді оқу