Жамбыл облысында республикалық маңызы бар "Тараз қаласының жаңа айналма жолы" учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, шектеулер 9 және 10 шілде күндері сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін күшінде болады.
Шектеулер Жамбыл фосфор зауыты (НДФЗ) ауданынан Айша бибі жолайрығына дейінгі 518-ден 535-шақырым аралығындағы учаскені қамтиды.
Шектеулердің енгізілуіне жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп болған. Жөндеу жұмыстары кезінде автокөліктер айналма жол арқылы бағытталады. Учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылып қойылған.
Жүргізушілерден сапарларын жоспарлау кезінде өзгерістерді алдын ала ескеру және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау сұралды.
Пікірлерді оқу