22 қыркүйек 2015 09:52

Apple электромобиль шығаруды жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo/Ng Han Guan, File © AP Photo/Ng Han Guan, File

Apple 2019 жылы өзінің электромобилін шығаруға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.


Apple 2019 жылы өзінің электромобилін шығаруға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Америкалық Wall Street Journal басылымының мәліметтеріне қарағанда, Apple корпорациясы өзінің жеке электромобилін шығару үшін жұмыс күшін ұлғайтып жатыр. Компанияның мамандары өндіріс мүмкіндіктерін саралау үшін бір жылдың ішінде зерттеу жүргізіп, ондай көлікті шығарудың қаншалықты тиімді болатынын бақылады. Осындай мақсатта олар Калифорния штатындағы шенеуніктерден кеңес алды.

"Ақыры Apple электромобильді жасайтын мамандарының санын үш есеге арттыруды шешті, бұрын олар 600 адам болған. Бұл жобаға "Титан" деген атау берілді. Сонымен қатар, корпорация жүргізушісіз көліктерді жобалаушы сарапшыларды жұмысқа алды, алайда, басылымның мәлеметінше, бірден жүргізушісіз жүретін көліктерді шығару жоспарда жоқ", - делінген агенттіктің жарияланымында.

Айта кетейік, Apple қандай да бір автомобиль компаниясымен күш біріктіруі мүмкін, бірақ нақты қайсысымен екені белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети