Jaguar көліктері жол жағдайын бақылауды үйренді

24 Тамыз 2017, 09:40
0
© Jaguar компаниясының баспасөз қызметі
© Jaguar компаниясының баспасөз қызметі

Jaguar Land Rover компаниясы көліктің F-Pace 2018 моделін таныстырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінің өкілі мәлімдеді, - деп жазады Lenta.ru.

Компаниядағылардың айтуынша, көліктің жаңа қозғалтқышы бар. Сондай-ақ, көлікте жүргізушіге көмектесетін арнайы жүйе бар.

SUV спорттық көлігінің жаңа Ingenium қозғалтқышы өте қуатты екен. Басылымның мәліметінше, көлік бірнеше жаңа технологиямен қамтылған. Мысалы, жолдағы жағдайды бақылау. Бұл кез келген жүргізушінің басқа көлікпен соғысып қалу қаупін төмендетеді.

Айта кетейік, Jaguar Land Rover компаниясының штаб-пәтері Англияның Уэст-Мидлендс графтығында орналасқан. Бірақ компания 2008 жылдан бері Үндістанның Tata Motors. компаниясына тиесілі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай