05 қаңтар 2017 14:54

Toyota жасанды интеллекті бар көлік жасап шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© autonews.ru © autonews.ru

Жапониялық автоконцерн жүргізушімен қарым-қатынас жасап отыратын көлік жасап шығарды, - деп хабарлайды Autonews.ru


Жапониялық автоконцерн жүргізушімен қарым-қатынас жасап отыратын көлік жасап шығарды, - деп хабарлайды Autonews.ru

Toyota компаниясы Concept-i атты жаңа концепт ұсынды. Көлік Лас-Вегаста дәстүрлі түрде өтетін тұтынушылық электроника көрмесінде таныстырылды. Көліктің дизайны да ерекше, оның сырт келбетімен Calty Design Research Toyota студиясы айналысты. 

Жаңа көлік Yui жасанды интеллектімен жарақтандырылған. Технология үнемі жетіліп отырады және көлік иесіне ыңғайына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, көлік бағыттарды есте сақтап, тұрақтағы орын үшін алдын ала төлем жасай алады немесе баратын орынға барынша ыңғайлы әдіс таңдайды. Сонымен қатар, жаңа жүйе жүргізушінің денсаулығы мен көңіл-күйін бақылап отырады.

Прототипте құрылғылар панелі жоқ, барлық ақпарат алдыңғы терезеге шығарылады. Concept-i жүргізушінің көңіл-күйі мен таңдауына байланысты салон түсін өздігімен ауыстыра алады. Арнайы панель арқылы ол жолдағы өзге жүргізушілерге белгі беріп, оларды жолдың жағдайы, қауіпті жол бөлігі мен жол көлік оқиғалары жайында ескерте алады. 

Көлік өзін автономды түрде басқара алады. Ал Concept-i көлігін басқаруды жүргізуші өз қолына алған кезде Yui кеңес беру қызметін іске қосады. 

Мұның алдында Toyota жасанды интеллект жасап шығаруға бір миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отырғаны белгілі болған еді. Жасанды интеллект жасаушы компания АҚШ-тағы Силикон жазығында орналасып,  Toyota Research Institute деген атау алады. Компания Стэнфорд университеті және Массачусетс технологиялық институтымен бірігіп жұмыс істейтін болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети